|
|
Препрегтер автокөлік және машинақұрылыс салаларында түрлі бөлшектерді тығыздау әдісі бойынша дайындауда қолданылады. Препрегтер төзімділік көрсеткіштерінің жоғарылылығымен, шағындану деңгейінің аздығымен және ағымдылығымен ерекшеленеді.
Толықтауыштар – пайдалану қасиеттерін модификациялау, қайта өңдеуді жеңілдету, құнын азайту мақсатында полимерлік үйлесімді материалдар құрамына қосатын зат немесе материал. Бұл қатты бейорганикалық немесе органикалық заттар, олар табиғи (минералды немесе өсімдік) және қарапайым жолмен алынады.
|
|
|