Толықтауыштар – пайдалану қасиеттерін модификациялау, қайта өңдеуді жеңілдету, құнын азайту мақсатында полимерлік үйлесімді материалдар құрамына қосатын зат немесе материал. Бұл қатты бейорганикалық немесе органикалық заттар, олар табиғи (минералды немесе өсімдік) және қарапайым жолмен алынады.
Арматуралаушы толықтауыштар полимерлік үйлесімді материалдар қысымының негізгі үлесін қабылдайды және физикалық-механикалық қасиеттерін анықтайды. Полимерлік үйлесімді материалдардан дайындалған бұйымдарды пайдалану шарттарын ескере отырып, негізгі компоненттерді (арматуралаушы және байланыстырушы материалдар сипатындағы) таңдау жолымен белгілі сипаттағы бұйымдар алуға болады.
Арматуралаушы толықтауыштардың кеңінен тараған түрлері – жіпшелер, ровингтер (андыздар), таспалар және шыны талшықтарынан жасалған маталар. Толықтауыштармен арматураланған шыны талшықтардан дайындалған бұйымдар аса төзімділіктерімен, жылу өткізуінің төмендігімен және тығыздығымен, радиомөлдірлігімен, химиялық және атмосфералық тұрақтылығымен сипатталады, электрді оқшаулау және диэлектрлеу қасиеттері жоғары.