Стеклонит

ru en ua ua
 
 
 

Геотор ПС-ПОЛИСЕТ

 

 

ПС-ПОЛИСЕТ геоторлары плимерлік жіпшелердің екі жүйесінен тұрады, өзара үшінші полимерлік байланыстырушы жіпшемен жалғастырылады. Поливинилхлоридті толықтауышпен сіңіріледі.

 

Геоторлар өндірісі үшін шикізат ретінде полиэфирлі талшықтар қолданылады. Түйіршікті материалдан төселетін (ұсақ тас, қиыршық тас) жол қабаттарын арматуралаушы (ажыратушы) материалдар ретінде қолданылады. Арматуралаушы (ажыратушы) қабатты пайдалану құрылыс барысында да, қолдану барысында да құрылымның қызмет мерзімін ұзартуға, жылжу қимылдарына төзіміділігін және қолданудағы сенімділігін арттыруға, қабаттар қалыңдығын кемітуге, дөңестерді болдырмауға, түйіршік материалдардың жол төсемінің төменгі қабаттарының негізіне өтуін азайтуға мүмкіндік береді.

Себіндінің қиғаш, болжамды сырғитын қиылыстары бар жерлерін бекіту барысында ПС-ПОЛИСЕТ геоторлары созылмалы қысмдар бөлігін қабылдай отырып, құрылыстың күрделі жағдайларында қиылыстардың жалпы төзімділігін арттырады.

С чего начать?