|
|
Өндіріс
|
«СТЕКЛОНИТ» компаниясы – Ресей территориясындағы шыныталшықтар мен геосинтетикалық материалар өндірісі бойынша көшбасшы. Ұйым 1958 жылдың шілдесінде негізі қаланған «Уфим тоқымалық шыныталшық зауыты» мемлекеттік кәсіпорыны негізінде құрылған. 40 жылдан астам уақыт бойы біздің зауыт көп салада қолданыс тапқан, атап айтқанда: мұнай және газ өнеркәсібінде, жол және гидротехникалық құрылыста, темір жол құрылысында, машина жасауда, тұрғын үй – коммуналдық және басқа да шаруашылықтарда қолданыс тапқан өнім шығарумен айналысуда.
Бүгінгі күні «СТЕКЛОНИТ» компаниясы заманауи технологиясы бар геосинтетикалық материалдар өндірісімен айналысатын Ресейдің ірі кәсіпорындарының бірі.
Халықаралық TUV CERT сертификаттау органымен кәсіпорынның менеджмент сапасы жүйесінің ISO 9001:2000 талаптарына сәйкестігін растайтын Сертификациялық аудит жүргізілген.
|

|
|