| Компания туралы | Өнімдер | Қызмет көрсету | Өндіріс | Байланыстар | Карта сайта |

|
Главная / Қызмет көрсету
Компанияның ғылыми-техникалық қарқыны Ресей спецификаларын ескере отырып дербес шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. «СТЕКЛОНИТ» компаниясының ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметі төмендегі бағыттар бойынша жобалау қызметін ұсынуға дайын:
«СТЕКЛОНИТ» компаниясының ғылыми-техникалық жұмыстары Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің көш бастап келе жатқан ғылыми-зеттеу институттарымен тығыз байланыста болуға негізделген. Осының нәтижесінде "СТЕКЛОНИТ" компаниясы уақыт көшінен қалмай келе жатыр және геосинтетикалық материалдар өндірісі саласындағы соңғы жаңалықтар мен жаңа технологиялардың шығуын қалт жібермейді, оларды қолданысқа енгізіп отырады. «СТЕКЛОНИТ» компаниясымен қызметтес болу жобалауды бастау кезінде де, дайын жобаларды сараптау кезінде де геосинтетикалық материалдардың қандай да бір түрін қолдану барысында жіберілетін қателіктерді толығымен жояды. Қабылданған шешімдер олардың дұрыстығын растай алатын, жобаланған құрылымдардың сеніміділігі мен тиімділігін бағалай алатын қосымша бағдарламалық кешендермен тексеріледі. Ғылыми-техникалық қызмет бойынша Сіз барлық сұрақтарыңызбен «СТЕКЛОНИТ» компаниясының ғылыми-техникалық қызметіне «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген тедефондар мен электрондық пошта мекен-жайы бойынша хабарласа аласыз. |