Стеклонит

ru en kz ua
 
 
 
Главная / Отраслевые решения / Тұрғын үй –азаматтық құрылыс

Тұрғын үй –азаматтық құрылыс

Тұрғын үй-азаматтық құрылыс - халық шаруашылығы игілігіне өндірістік емес мақсаттарда салынатын ғимараттарды салумен айналысатын құрылыс саласы: тұрғын үйлер, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, оқу орындары, медициналық және балабақшалық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, кітапханалар, мұражайлар, әкімшілік ғимараттар, тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық нысандары.

Тұрғын үй –азаматтық құрылыс

 

      Тұрғын үй – азаматтық құрылыс саласының маңызы өте зор, себебі құрылыстың аталмыш саласы халық тұрмысының жақсаруына тікелей әсер етеді. Құрылыстың бұл саласының ерекшелігі кешенділік болып табылады. Тұрғын үй құрылысымен қатар оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету мақсатындағы нысандар тұрғызу бойынша сәулет және қала құрылысына, маңайды көгалдандыру және көркейтуге қатысты мәселелер шешіледі.


BELLSTEN шыны тұсқағаздары

BELLSTEN шыныталшықты тұсқағаздар сапасының жоғарылығымен, жабыстыру барысындағы аса ығңайлылығымен ерекшеленеді, кез-келген жерге дербес сипат береді.


Құрылыстық шынытор BENSTEN

BENSTEN шыныторлары қолданылады:

  • құрылыс және жөндей жұмыстары бойынша ғимараттардың сылақтық және қорғаушы-көркемдеуші қабаттарын арматуралауға;
  • қалқандарды жылылау жүйелерінде пайдаланылатын материалдарды арматуралауға;
  • cазды сылақ жағу жұмыстары кезінде қабырғалар мен төбелерді арматуралауға;
  • құйылатын едендерді арматуралауға.

 

Жабындық шынымата EXTROOF

СТТП типті жабындық EXTROOF шыныматасы текстураланған шыны ташықтарынан жасалған, оларға полимерлік байланыстырушылар сіңірілген және жабын материалдарын торлауға не болмаса сол сияқты мақсатта қолдануға арналған.


 

ISOSET арматураланған үлдір

  • Қалқандарды, ғимарат ойықтарын және құрылыс аумақтарын ауа-райы жағдайларынан қорғау үшін;
  • Төбені жабу кезінде ылғал өткізбеу үшін;
  • Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қоршау құрылымдарында буды оқшаулау үшін;
  • Фундаменттерді ылғалдан сақтау үшін;
  • Жеңіл типті қоймалық нысандар салу үшін және уақытша қалқандар дайындау үшін.

 

Арматураланған пластиктер

Арматураланған пластиктер – бұл талшықтық құрамды толықтыратын полимерлік байланыстырушы (матрицалар) және беріктендіруші (арматуралаушы) негізіндегі үйлесімдік материал. Байланыстырушы ретінде термобелсенді шайырлар немесе құрылымдық термопласттар пайдаланылады. Толықтырушы ретінде монониттер, кешенді жіпшелер, қысқа (дикреттік) талшықтар, андыздар, маталар, киіз, жіпшетәрізді монокристаллдар түріндегі бейорганикалық немесе органикалық талшықты материалдар қолданылады