|
|

|
|
ПС-ПОЛИСЕТ геоторлары плимерлік жіпшелердің екі жүйесінен тұрады, өзара үшінші полимерлік байланыстырушы жіпшемен жалғастырылады. Поливинилхлоридті толықтауышпен сіңіріледі.
|

|
|
Геомат МТ-ЭКСТРАМАТ (ҮМ (МТ) -үш өлшемді мат) өзара термилық әдіспен байланысқан, полимерлік материалдан дайындалған су өткізетін үш өлшемді хаостық құрылым.
|

|
|
Геомат МТД-ЭКСТРАМАТ (ҮСМ (МТД)– үш өлшемді сорғыш қабатты мат) МТ геоматынан және маталық емес синтетикалық материалдың екі қабатының бірінен тігу, жабыстыру және термобекіту жолымен дайындалады.
|

|
|
Геомат МТК-ЭКСТРАМАТ (ҮҮМ (МТК) – үш өлшемді үйлесімді мат) МТ геоматынан және ПС (полимерлі) геоторынан дайындалады, дайындау тігу, жабыстыру, және термобекіту амалдарымен жүзеге асырылады.
|

|
|
Арматураланған пластиктер – бұл талшықтық құрамды толықтыратын полимерлік байланыстырушы (матрицалар) және беріктендіруші (арматуралаушы) негізіндегі үйлесімдік материал. Байланыстырушы ретінде термобелсенді шайырлар немесе құрылымдық термопласттар пайдаланылады. Толықтырушы ретінде монониттер, кешенді жіпшелер, қысқа (дикреттік) талшықтар, андыздар, маталар, киіз, жіпшетәрізді монокристаллдар түріндегі бейорганикалық немесе органикалық талшықты материалдар қолданылады.
|
|