
|
Главная / Отраслевые решения
/ Кеме құрылысы
Қазіргі заман талаптарына сай кеме жасау жұмыстары қатарына беттік және профильдік материалдар дайындау, кеме қаңқасының бөлшектерін кесу немесе құйып дайындау, жекелеген құрылымдық жабдықтарды біріктіру, бөлімдер мен секциялардан тұратын қорапты жабдықтау, кемені қолданысқа енгізу, оны құрылғылармен жабдықтау және кеме ішін әрлеу, кеме құралдарын және кемені толықтай тексеру жұмыстары жатады. Ірі кемелердің қаңқасы бөлімдер мен секциялардан құрастырылады. Кеме жасау үрдісін жылдамдату мақсатында көптеген жабдықтау жұмыстары бөлімдер мен секцияларды механизмдермен, құрылғылармен және басқа да кешендеуші құралдармен жабдықтау жолымен алдын-ала жинау барысында атқарылады. Жеке құрамдарды жасақтау (мысалы, реттеу) немесе кеме қаңқасын түгелдей жеңіл балқытпалардан, темірбетоннан, пластмассадан дайындау барысында ерекше технологиялық процесстер жүзеге асырылады.
|